Қазақстан жаңа өндіріс орындарын құрған инвесторларды корпоративті кіріс салығынан босатуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жаңа өндіріс орындарын құрған инвесторларды корпоративті кіріс салығынан босатуды жоспарлап отыр

Қазақстан жаңа өндіріс орындарын құрған инвесторларды корпоративті кіріс салығынан босатуды жоспарлап отыр

Қазақстан жаңа өндіріс орындарын құру жөніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы салық төлеушілерді корпоративті кіріс салығынан босатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

  • 18 Мамыр 2004
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Жаңа өндіріс орындарын құру жөніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен жекелей айналысатын жаңадан тіркелген салық төлеушілерді корпоративті кіріс салығынан босату, ал кей жағдайларда жобаның жүзеге асырылу мерзіміне қарай преференциялар тағайындау көзделіп отыр»,- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, бұл қосалқы құны жоғары өнімдер өндірісімен тікелей байланысты қазіргі заманғы озық технологияларды қолдануды талап ететін салаларды дамытуға түрткі болуға мүмкіндік береді. «Көп мөлшерде инвестиция салуды талап ететін, 5 жылдан жоғары мерзімге есептелген инвестициялық жобалар үшін оны өтеп алуға мүмкіндік беретін нақты ынталандыру жағдайлары жасалады»,- деді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, Салық Кодексіне өзгерту енгізу жөніндегі осындай ұсыныстар үкіметке мамырдың соңына дейін енгізіледі.