Жарияланды: 510

Қазақстанда 14 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр

Қазақстанда 14 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр

 Қазақстанда 14 млн. гектар жер пайдаланылмай жатыр. Бұл туралы бүгін астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

«Біз басты ресурс жерді тиімсіз пайдаланудамыз. Тек сіздердің үш облыстарыңызда ғана пайдаланымайтын 3,5 млн. гектар жер анықталды. Жалға алған, бірақ пайдаланбайды. Бұған жол беруге болмайды. Жалпы, еліміз бойынша 14 млн. гектар ауыл шаруашылығы жері, оның ішінде 5 млн. гектар жайылым жер пайдаланылмайды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне сәйкес, Қазақстанда шамамен 180 млн. гектар жайылым жер бар. Оларда бүгінде 6 млн. ірі қара, 15 млн. қой-ешкі өсірілуде. Ал Австралияда 20 млн. гектар жайылымда 27 млн. ірі қара мен 90 млн. қой өсіріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін