Қазақстанда 1-шілдеден бастап көлемі ұлғайтылған зейнетақы төлене бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1-шілдеден бастап көлемі ұлғайтылған зейнетақы төлене бастады

Қазақстанда 1-шілдеден бастап көлемі ұлғайтылған зейнетақы төлене бастады

Қазақстанда 1-шілдеден бастап көлемі ұлғайтылған зейнетақы төлене бастады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, бүгіннен бастап елімізде 1 млн. 15 мың зейнеткер ұлғайтылған зейнетақыға ие болмақ.

  • 1 Шiлде 2003
  • 554
Фото - Caravan.kz

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі берген түсініктемеге жүгінсек, бұл ұлғайтуға тек бұған дейін жоғары айлық жалақы және ұзақ еңбек стажына қарамастан 5-8 мың теңге көлеміндегі ең аз мөлшерде зейнетақы алып келген зейнеткерлер ғана қамтылады. Ал еңбек стажы төмен әрі айлық жалақысы аз зейнеткерлердің зейнетақысы бұрынғы қалпында қалады. Ең төменгі зейнетақы көлемі 5500 теңгені құрайды. Республика бойынша орташа зейнетақы мөлшері 6484 теңгеден 7915 теңгеге дейін өседі. Еңбек еткен жылына және айлық жалақы мөлшеріне қарай зейнетақыға қосылатын үстеме 100-ден 4800 теңге аралығында болмақ. Республика бойынша орташа үстеме 2300 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнетақының ең жоғарғы көлемі 15 айлық есеп көрсеткішінің 75 проценті шамасында, бұрынғы қалпында қалады. Қазір айлық есеп көрсеткіші 872 теңгені құрап отыр.
Зейнетақы көлемін келесі ұлғайту мерзімі 2004-жылдың 1-қаңтарына белгіленген.

Соңғы жаңалықтар