Қазақстанда 2007 жылы парақорлық деректерінің саны 50%-ға өсті - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2007 жылы парақорлық деректерінің саны 50%-ға өсті - қаржы полициясы

Қазақстанда 2007 жылы парақорлық деректерінің саны 50%-ға өсті - қаржы полициясы

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2007 жылы парақорлық деректерінің саны 50%-ға өсті. Бұл туралы бүгін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қоғамдық тетіктері" атты халықаралық конференцияда ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті төрағасының орынбасары Мұрат Мусабеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 635
Фото - Caravan.kz

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасынан парақорлық 50%-ға және қызмет бабын пайдаланып өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу 30% аса өсті», -деді М. Мусабеков.

Оның айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда осы жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы сотқа тапсырылған қылмыстық істер саны 20%-ға өскен.

Қаржы полициясының мәліметінше, былтыр әкімшілік аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты 120 дерек, білім беру саласында — 160 , ішкі істер органдары тарапынан 90 дерек, денсаулық сақтау саласында 60 астам, ауылшаруашылығы саласында — 70, әділет органдары тарапынан — 30 , ТЖМ тарапынан — 30 дерек тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті