«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілетін түзетулер тез арада қабылданған жағдайда 6-шілде- Астана күнін біз биылдан бастап-ақ мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз», — деді О. Мұхамеджанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттары 18 маусымда өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. «Заң жобасында «6-шілде — Астана күні» деген жаңа мемлекеттік мерекені қосу қарастырылуда, ол халық үшін тарихи-мәдени маңызға ие болып, Қазақстан Республикасының жетістіктерінің нышанына айналмақ», — делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті