Жарияланды: 410

Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында 23 тонна тәркіленген есірткі жойылады - Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында 23 тонна тәркіленген есірткі жойылады. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифинг барысында ҚР ІІМ жанындағы Есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы Асқар Исағалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметтің ағымдағы жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, Қылмыстық-процессуалдық кодекске алынған есірткіні сот процессіне дейін жою мүмкіндігі енгізілді. Қайта және қосымша сараптама жасау үшін әрбір партиядан үлгі алынады. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының сақтау камераларында 23 тонна әртүрлі есірткі оның ішінде 600 кг артық героин сақталуда",- деп хабарлайды комитеттегілер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін