Жарияланды: 850

Қазақстанда әлемдік дін лидерлерінің IV съезін өткізу тұжырымдамасы әзірленді

Қазақстанда әлемдік дін лидерлерінің IV съезін өткізу тұжырымдамасы әзірленді

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезінің хатшылығы Астанада 2012-ші жылы өтетін IV съезд тұжырымдамасын дайындады,

деп хатшылық төрағасы, сенат спикері Қайрат Мами мәлім етті. «Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып біз өзімізге тақырыпты, күн тәртібін, съезд тұжырымдамасын айқындадық. Тұжырымдама аясында біз төрт тақырыптық блокты қарастырамыз: ХХІ-ші ғасырдағы дін рөлі, дін және мультимәдениет, жастар мен олардың ХХІ-шы ғасырдағы жауапкершілігі, дін мен әйелдердің рөлі Әскери қақтығыстар мен лаңкестік жеке, бөлек секцияның аясында талқыланады», - деп әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі хатшылығының жетекшісі Қайрат Мами хатшылықтың сейсенбі күнгі Х-шы отырысында мәлім етті. Оның айтуынша, хатшылықтың келесі отырысы «съезд қарсаңында 28-29-шы мамырда өтеді». Бұрын хабарланғандай, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің кезекті IV-ші съезі Астанада 2012-ші жылы 30-31-ші мамырда өтетіндігі белгілі. «Белгіленген мамырдың 30-31 деген датамен барлығы да келісті деп есептеймін», - деп мәдениет және діндердің халықаралық орталығының директоры А. Әбуов съезд хатшылығының дүйсенбі күнгі отырысында мәлім етті. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003, 2006, 2009-шы жылдары өткізілді. Дінаралық форум жұмысында беделді ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін