Жарияланды: 430

Қазақстанда алғаш рет 30-дан астам әскери оқу-жаттығулар өткізілді - ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда алғаш рет биыл 30-дан астам әскери оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің жабық жағдайда өткізілетін алқа мәжілісінің алдында журналистерге берген сұхбатында Штаб бастықтарының комитеті төрағасының орынбасары Геннадий Носоновский мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жауынгерлік дайындық айтарлықтай қарқандандырылды. Биыл біз 38 ірі әскери оқу-жаттығулар өткіздік, ал былтыр 14 болған", - деді Г. Носоновский. Оның айтуынша, оқу-жаттығуларға 15 мыңнан астам адам қатысты. "Екіншіден, біз - армияны толық қаруландырдық. Қазір модернизация жүргізілуде, Қазақстан Қарулы күштерін қайта қаруландыру мәселесі қарастырылуда",- деді ол. Алдағы жоспарға тоқталған ол ішкі білім беру жүйесі толық қайта қаралады, деді. "Білім беру жүйесі жаңа жағдайлар мен уақыттың жаңаша ағымы ахуалында әскерді басқара алатын офицерлер мен командирлерді дайындай алатын деңгейге дейін жеткізіліп өзгертіледі",- деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін