Қазақстанда арнайы тұрғын үй соттары құрылуы мүмкін
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік (ҚІА) арнайы тұрғын үй соттарын құруды ұсынады. Бұл туралы ҚІА басшысы Серік Нокин мәлім етті. |
«Біз мемлекетке арнайы тұрғын үй соттарын құруды ұсынамыз. Қазір барлық соттардың жүктемесі шамадан артық, (сот шешімін – ҚазТАГ) бір жылдан артық уақыт күтуге тура келеді», - деді С. Нокин сейсенбі күні «Көп пәтерлі тұрғын үйдерді жөндеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктері» деген тақырыптағы семинарда.
«Мұндай соттар енгізілсе, ТКШ саласындағы даулы мәселелер бойынша шешімді 3 айдың ішінде алуға болады», - деді ол.
С. Нокиннің айтуынша, бұл бағытта жұмыс істейтін жұмыс тобы 2011 жылы құрылады, оған әкімдіктердің, ҚІА мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері кіреді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін