Жарияланды: 580

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар саны көбейіп барады

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар саны көбейіп барады

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс істейтін білікті педагогикалық кадрлар жетіспейді.

   "Біз қазір ондай бұзылыстары бар балалардың көбейіп отырғандығын тіркеп отырмыз. Мәселен, психологиялық-медикалық-педагогикалық комиссияның деректеріне қарағанда, 2003 жылы Қазақстан бойынша тұтас алғанда 77 бала болса, қазір ол көрсеткіш 1 456 детей балаға жетіп отыр", деді жұмада Астанада инклюзивті білім беруді енгізуге арналған халықаралық конференция барысында білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Галимова.
Оның айтуынша, елде ондай балаларға уақытылы көмек көрсету проблемасы орын алып отыр, психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту орталықтары жетіспейді, тағы бір проблема, мамандандырылған кадрлар тапшы.
Биылдан бастап Астанада «Жалпы білім беретін мекемелерде аутистикалық спектрі бұзылысқа ұшыраған балалар инклюзиясы» деп аталатын пилотты жоба жүзеге асырылуда.
"Аутизм – диагноз емес, ол баланың жан дүниесінің жағдайы. Одан дәрі, не ем жоқ. , -деді конференцияда жобаның сарапшысы Айнұр Құдайбергенова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін