Қазақстанда балалар суицидін насихаттаған 6 шетелдік сайт жабылды - ҚР Бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар суицидін насихаттаған 6 шетелдік сайт жабылды - ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстанда балалар суицидін насихаттаған 6 шетелдік сайт жабылды - ҚР Бас прокуратурасы

ҚР Бас прокуратурасы балалар арасында суицидті насихаттаған Қазақстандағы  алты инттернет-сайтты жауып тастады.

  • 22 Шiлде 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына Бас прокуратурадан хабарланды.

Атап айтқанда, интернет желісінде суицидтік мінез-құлықты насихаттау балалар суицидін тудыратын факторлардың біріне айналып отыр. Бас прокуратураның атап өтуінше, өз-өзіне қол жұмсаудың әдістері ашық жариялануда, сондай-ақ интернет-сайттарда отыратындардың қарасы қалың.

«Осыған байланысты ҚР Байланыс және ақпарат агенттігімен бірлесе прокуратура органдары балалардың өміріне және денсаулығына қауіп тудыратындай іс-қимылдарға түрткі болатын, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін интернет-сайттарға мониторинг жүргізу және оларды жабу жұмыстарын жүргізуде. Прокуратура органдарының талап-арызы бойынша сот шешімдерімен шетелдік алты интернет-ресурстердің таралуына шектеу енгізілді. Олар кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты насихаттаумен айналысқан»,-делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, биылдың 6 айында кәмелетке толмағандар арасында суицид оқиғалары төмендеді (2013 жылдың 6 айында 131 оқиға). Биыл бұндай 98 оқиға тіркелді. Сонымен қатар суицид жасауға талпынғандар саны азайды,  өз-өзіне қол жұмсауға әрекет етудің  255 жағдайы анықталды (319).