Сенат спикері Қайрат Мәми Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонемен кездесті.
Парламент палатасының баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, Ж.-Ш Бертоне Қазақстандағы өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтайды.
Кездесу барысында Қ.Мәми дипломатқа табысты жұмысы үшін және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Сенат спикері Қазақстанның экономиканың маңызды секторларына тікелей француз инвестициялары мен технологияларын тартуға деген қызығушылығын атап көрсетті.
Ж.-Ш.Бертоне Қазақстанда жұмысына 2009 жылы қараша айында кіріскен болатын.