ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақтөбеде жай үйде 158 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 22 жастағы жігіт пен 10 жасар баланың мәйіті табылды.
Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 техниканың күшімен сөндірілді.
Сонымен бірге, 21 желтоқсанда 02 сағат 10 минутта Алматыда 200 шаршы метр аумақта жай үй өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 5 техниканың күшімен сөндірілді.
Оралда «Тұрмыс сарайы» сауда-тұрмыстық кешенінің жапсарлас қабатында 115 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техниканың күшімен сөндірілді.
20 желтоқсанда Қызылорда облысының Тереңөзек ауылында «Саутс Ойл»ЖШС-нің мұнай терминалында мұнайды қыздыру бөлімінде өрт шықты. Жалын 64 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 31 адамы мен 3 техниканың күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті