Қазақстанда ОРВИ мен тымауға қатысты жағдай бірқалыпты
Қазақстанда өткір респираторлық вирустық инфекциялар мен тымауға қатысты эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен. |
"Аймақтар бойынша алғанда көрсеткіштер белгіленген деңгейден асып кетпеген", делінген жұмада таралған хабарламада.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, тымауға қарсы шамамен 1 млн адамға қатысты егу шаралары жүргізілген, оның ішінде жұмыс берушілердің есебінен - 17%, ақылы негізде - 6,2%.
14 жасқа дейінгі балалардың 34% вакцинация жасалды, аяғы ауыр әйелдердің -4,7%.
Қазақстан аумағында қазіргі уақытта "тымаусыз вирустар" басым болып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін