Қазақстанда қарақұйрықтарды ғарыштан бақылайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қарақұйрықтарды ғарыштан бақылайтын болады

Қазақстанда қарақұйрықтарды ғарыштан бақылайтын болады

Қазақстанда қарақұйрықтардың жүретін жолдары серіктік тетіктердің көмегімен тіркелетін болады,

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 903
Фото - Caravan.kz


алынған деректер жануарлардың қорғалуын күшейту мақсатында олардың мекен-жайын нақтырақ анықтауға негіз болмақ.
Бұл жұмыс үшін Ғаламдық экологиялық қор, БҰҰ Даму бағдарламасы, Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті бірлескен жоба жүргізіп отыр, соның шеңберінде швейцарлық Followit компаниясының мойын бауы секілді 14 навигациялық жабдығы сатып алынған, делінген бейсенбіде БҰҰ Даму бағдарламасынан таралған ақпаратта.
Алғашқы төрт тетік «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағындағы қарақұйрықтарға қойылған. Енді Іле-Балқаш аумағында 10 мойын жіп тағылатын болады, делінген онда.
Күнделікті тетіктерден мамандарға ақпарат түсіп отырады, соның негізінде жануарлардың орналасуы картасы дайындалады.
Қарақұйрық- Қазақстанда киік түрінің жалғыз өкілі. XIX ғасырда республикада бірнеше жүз мың қарақұйрық болған, өткен ғасырдың екінші жартысында олардың саны күрт азайып кетті, 1978 жылы ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, қарақұйрықтардың өмір сүру ұзақтығы орташа алғанда 6 жыл.