«Қазіргі таңда 21 ұйым рулі оң жақтағы автокөліктерді қайта жабдықтауға лицензия алды. Олар жыл басынан бері 428 автокөлікті қайта жабдықтады. Ал жалпы алғанда Қазақстанда 200-дей кәсіпорын осы жұмыспен айналыса алады»,- деді Ө.Түсімов.
Оның айтуынша, автокөліктердің басым бөлігі, немесе 425-і Алматыда, біреуі Талдықорғанда, екеуі Таразда қайта жабдықталған. Комитет төрағасының хабарлауынша, тізгінді ауыстыру құны 2-5 мың АҚШ доллары аралығында.
«Баға автокөліктің түріне қарай өзгереді, жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің құны оған қамтылады»,- деді Ө.Түсімов.
«Астанада әзірге осы бағытта лицензия алған ұйымдар жұмыс істеп жатқан жоқ, алайда Астананың кейбір заңды тұлғалары өтініш берді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті