Жарияланды: 430

Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші сатысы өтеді

6-8 тамыз күндері Үшарал маңындағы Шығыс әскери округінің аумағында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші сатысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен 5-тамызда хабарлады.

Оқу -жаттығулар 2001-жылдың 15-мамырында қабылданған "Терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі" Шанхай конвенциясы негізінде қабылданған Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының шаралар жоспарына сәйкес өткізілмекші. Оқу-жаттығулардың бірінші сатысына Аэромобильді және құрлықтағы күштер , ҚР Қарулы күштері әуеден қорғаныс күштерінің бөлімшелері , Қырғызстан қару күштерінің десанттық-барлау взводы мен Ресей Қарулы күштерінің мотоатқыштар ротасы қатысады. Тәжікстан Қарулы күштерінің өкілдері оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде шақырылып отыр. Жаттығулардың екінші сатысы ҚХР аумағында 11-12-тамызға межеленген. Оқу-жаттығуларға Қырғызстан Қарулы күштері мен Қытай Ұлтазаттық Армиясының бөлімшелері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть