Қазақстанда шығарылатын көліктердің 50 пайыздан астамы ШҚО-да құрастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шығарылатын көліктердің 50 пайыздан астамы ШҚО-да құрастырылады

Қазақстанда шығарылатын көліктердің 50 пайыздан астамы ШҚО-да құрастырылады

Қазақстанда ШҚО бойынша басым салалық секторлар тізбесіне автомобиль жасау саласын қосу ұсынылды. Бұл толықтыру мемлекеттік институттардың Қазақстанның автомобиль жасау кәсіпорындарының индустриалдық-инновациялық дамуын қолдауға ден қоюға мүмкіндік береді, деп мәлім етті ШҚО Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов.

  • 12 Тамыз 2014
  • 662
Фото - Caravan.kz


Соңғы уақытта өңірде мультипликаттық тиімділігі басым машина жасау саласы белсенді дамуда.

Қазақстанның барлық машинажасау өнімінің 20 пайызға жуығы ШҚО-да шығарылады. Қазір облыс аумағында екі ірі сала жұмыс істейді, ол АЗИЯ АВТО» АҚ (Өскемен қ.) және «СемАз» ЖШС (Семей қ.), деп хабарлады облыс әкімі ақпараттық орталығынан.

2015 жылы облыс аумағында «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ толық циклді автомобиль зауытының алғашқы желісі іске қосылады. Ш.Бұқтұғұтов атап өткендей, осы жобаны іске асыру елдің ІЖӨ өсуіне оң әсер ететін болады, 2017 жылы ол 0,7 пайыздық тармақты құрайтын болады. Зауыт 12 мың тұрақты жұмыс орнын қамтиды, ал аралас салаларда тағы да 17 460 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұдан басқа, бюджетке салық аударымдарының көлемі едәуір өспек. Жоғары технологиялық, экологиялық таза өндіріс құру есебінен нәтижелерге қол жеткізілетін болады.

Сондай-ақ 2015 жылы «Алға» қазақстандық автомобиль корпорациясы» ЖШС «Howo» жүк көлігін өндіру және өткізу жобасы бойынша жұмыс бастамақ. Осылайша елде шығарылатын көліктердің 50 пайыздан астамы ШҚО-да шығарылатын болады, деп атап өтті өңірдің индустриалдық ведомство басшысы.