Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен - президент

Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен - президент

Астана. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылшарушылық өнімдерін өндіру көлемі 3 есеге өскен. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 540
Фото - Caravan.kz



«Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі соңғы он жылда 3 есеге дерлік өскен, үстіміздегі жылы егін түсімі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 22,5 млн тонна астық жиналды»,- деді мемлекет басшысы.

«Қазақстан дүниежүзінде жан басына шаққандағы астық өндіруде және ұн экспорттауда бірінші орынға шықты»,- деп атап көрсетті ол.

Президент, «елде азық-түліктің бекем кепілдігі құрылып жатқандығын» атап өтті. «Біз ірі азық-түлік астығын экспорттаушы болдық»,- деп жалғады ол өз сөзін. Мемлекет басшысының хабарлауынша, Тәуелсіздіктің 16 жылдығына орай «ауылшаруашылығы саласы еңбеккерлерінің үлкен тобы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды».