Қазақстанда сотта ұялы телефон қолдануға рұқсат берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сотта ұялы телефон қолдануға рұқсат берілді

Қазақстанда сотта ұялы телефон қолдануға рұқсат берілді

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне-, кино- және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие.

  • 28 Сәуiр 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданысқа енді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қағидаларды әзірлеу кезінде «Үлгілі сот» жобасын қоғамдық талқылау шеңберінде судьялардан, адвокатура және Сот репортерлерінің гильдиясынан келіп түскен ұсыныстар ескерілді. Қағидаларды қабылдауға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында соттарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану ықпал етті», — делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.

Бұйрыққа сәйкес, келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін республика сот органдарының аумағы мен ғимараттарындағы өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін регламенттейді.

Осы қағидаларға енгізілген жаңа ұғымдардың біріне сәйкес, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі дегеніміз – күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистер. Ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер т.с.с.), сондай-ақ деректер беруді қамтамасыз ететін және интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құрылғыларды алып кіруіне болады.


Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне-, кино- және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие. Оларды БАҚ өкілдерінің пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья ҚР ҚПК-нің 345-бабына, ҚР АПК-нің 19-бабына және ҚР ӘҚБтК-нің 21-бабына сәйкес шешеді.

Соңғы жаңалықтар