«Қай жақтан туындамасын, біз ұлттық радикализмнің кез-келген түріне қатаң тосқауыл қоятын боламыз», -деп мәлімдеді Н. Назарбаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының 13-ші сессиясында сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы » Қазақстан халқы ассамблеясының алдында деструктивтік күштердің ұлтаралық қарым-қатынас саласын саясиландырып жіберуіне жол бермеу мақсаты» тұрғанын атап өтті. » Қазақстан халқы ассамблеясы уақыттың тынысын дөп баса танып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақты нысаналы шаралар қолдануға тиіс», — деді президент.
Сонымен бірге мемлекет басшысы «Қазақстан қоғамында тұтастай алғанда қазір» «экономикалық өсім мен әл-ауқатының тұрақты өсіп келе жатқанына байланысты сан алуан радикалық үндеулер мен арандатушылықтарға қарсы белгілі бір иммунитет қалыптасқанын» да атап өтті.
Президент бұған қоса » Қазақстан халқы ассамблеясының басқаруымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық қарым-қатынастар саласындағы зерттеу-талдамалық жұмыстарды күшейте түсуді» тапсырды.