"Қазақстанда ықтияр хат алу азаптың азабы" - Моңғолиядан келген қазақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанда ықтияр хат алу азаптың азабы" - Моңғолиядан келген қазақ

"Қазақстанда ықтияр хат алу азаптың азабы" - Моңғолиядан келген қазақ

Моңғолиядан ата-жұртты аңсап келген Сьезд Қуантай Caravan.kz медиа порталының тілшісіне ықтияр хат алудың қаншалықты қиын әрі ұзақ екенін айтып тарихи отанына ренішін жеткізді.

  • 14 Желтоқсан 2018
  • 167
Фото - Caravan.kz

Ата-жұртқа келуі жайлы

Ата жұртқа аңсап келдік,президент өзі шақырған болатын отандарыңа қайтыңдар деп. Содан осы жылдың қыркүйегінде отбасымммен бірге келген болатынмын. Бұл жерде отандастар деп емес, қытайлар, өзбектер, моңғол деп атайды екен. Құжатпен қиналып, елімізге жете алмай жүрміз. Ақшамыз жоқ, жататын жеріміз жоқ, сен шетелдіксің деп те жұмыс жасатып алды да ақшамды бермеді. Миграция полициясына осылай ақшамды бермеді деп барып едім. Ол жақта білмейміз, сіздікі шетел паспорты деп шығарып салды. Моңғолиядан бірден Павлодарға келдік, ал ол жақта көбінесе орысша сөйлейді екен содан Алматыға келген болатынбыз. Алматыға 76-дағы апа Павлодардан келе жатыр екен, сол кісінің жүгін түсіруге көмектескен. Содан “апа біз Моңғолиядан келе жатырмыз” – дегенбіз, одан ол кісі қандастарымыз екенсіңдер ғой – деді. Алматыға жұмысқа келе жатқанымызды айтқанбыз. Содан ол кісі: “Біз оралмандарды жақсы көреміз, үй іздемейсіңдер, менің үйімде боласыңдар, балам жұмыс та тауып береді” – деді.

Алматыдағы қиын күндері

Алматыда жаңа апаның үйіне келдік. Содан ет асып, шайын беріп бізді жақсы қарсы алды. Үйінің жанында кішкентай үй бар екен, сонда көрпе-төсек барлығын берді. Одан кейін жұмыс істедік, 15-тей жылқысы бар екен соны тазаладым. 3-4 күннен кейін құжатыңды бер деді, құжаттарымды ол кісіге бердім. Сені азаматтық тапсырып келемін, қазақстандық боласыңдар. Өзім де оралманмын, оралмандар бір-бірімізді жақсы көреміз. Миграционныйда досым бар еді. Ол бірде анда кетті, бірде мында кетті деді. Сол жақта мешіт бар еді, сонда бесін намазына барып жүретін едім. Содан мешіттегілер “ол кісіге сенуге болмайды, ол былтыр қырғыздан келген кісілердің құжаттарын алып алып, шошытқан болатын. Уақытыңыз бітсе не Моңғолияға қайта алмайсыз, не елде қала алмайсыз” — деді. Ол кісінің жалшы қылып алатын білдім де, құжаттарымды алдым, кеттім. Миграционныйға барып, “үйдің, жұмыстың қажеті жоқ тек ықтияр хат” – берсеңіздер болды дедім. Миграциядағылар ешқандай құжат алмаған, әлгі кісі мүлдем бармаған екен.

Ықтияр хат алу жолдары

Олар маған Моңғолиядан шығу керексіңдер, одан кейін ауруханаға бару керексіңдер, оның төлейтін ақшасы да бар екен. Оның барлығын тапсырасыңдар, сол кезде 7 ай дегенде құжатты аласыңдар деді. 7 ай бітеді дегенде менің үйім жоқ, ақшам жоқ. Ал жұмысқа кірейін десем азаматтықта тұрмын, алыңыздаршы десем мені кім алады? Ешкім алмайды.

Бізді, ата жұртқа келгендерді сергелеңдеңге салып қойды. Кеше анамның қайтыс болғанын естідім, енді Моңғолияға еліме қайтамын. Ата-жұртқа келейік дейміз де, тіл байлығым бар менің өзім шаршадым.

Жарайды, құжатты тапсырып қояйын дегеннің өзінде де мен 7 ай не істеймін? Қайда барамын? Ата жұртқа келетініміз сөзсіз, бірақ алдымыздан мынадай мәселе тұр. Құжат берсе, ешкімнен ақша, ештеңе сұрамаймыз.

Сөздің соңында, енді Қазақстанға келмейтін шығармын. Өйткені қатты ренжідім, ықтияр хат алу өте қиынның қиыны екен. Туған жерім Моңғолияда бола бергенім дұрыс болар деген шешімге келдім.

Сұхбатыңызға рақмет!

Соңғы жаңалықтар