Қазақстанда жыл басынан бері 40 кәсіпорындағы жалақы қарызы өтелді – Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл басынан бері 40 кәсіпорындағы жалақы қарызы өтелді – Бас прокуратура

Қазақстанда жыл басынан бері 40 кәсіпорындағы жалақы қарызы өтелді – Бас прокуратура

Соңғы үш жарымда жылда прокурорлық қадағалаудың көмегімен қазақстандық кәсіпорындардағы жалақы қарызы жеті есе төмендеді.

  • 18 Шiлде 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«2010 жылдан бері кәсіпорындардағы жалақы қарызы 4,6 млрд теңгеден 623 млн теңгеге дейін төмендеді», — деді ол жұма күні Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, жыл басынан бері 40 кәсіпорында 668 млн теңгелік жалақы қарызы өтелген.

Осы орайда А.Дауылбаев 271 млн теңге жалақы қарызын төлетуге қол жеткізген Қарағанды және Қостанай облыстары прокурорларының жұмысын жоғары бағаады.

«Атырау облысының прокуратурасы қиындыққа душар болған компаниялардағы жалақы қарызын толық өтеуге ықпал етті», — деп атап өтті ол.


Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық салада 269 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған.

«12700 заңсыз құқықтық актінің күші жойылып, 35 мыңнан астам тұлға түрлі жауапқа тартылды. 300 қылмыстық іс қозғалды», — деді бас прокурор.