Қазақстандағы АҚШ елшісі жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысына барады
Бүгін, 30-шілдеде АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ларри Нэппер жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысына барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады. |
Сапар барысында АҚШ елшісі халықаралық қорлардан қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, атап айтсақ, адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық қордың салалық бөлімшесінің өкілдерімен кездеседі.
Сондай-ақ, Ларри Нэппер Қарашығанақ кенішінде болып, журналистермен жүздеседі деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін