Жарияланды: 120

"Қазақстандағы дінаралық келісім - әлемге үлгі" - Асқар Жоламан

"Қазақстандағы дінаралық келісім - әлемге үлгі" - Асқар Жоламан

Қазақстандағы дінаралық келісім - әлемге үлгі екені белгілі.

Дінаралық келісімге байланысты Caravan.kz медиа парталының тілшісі МДХО-ның Дінаралық диалогты дамыту бөлімнің басшысы Асқар Жоламанның пікірін біліп көрді.

Дінаралық келісімнің басты мақсаты?  

Қазақстан – ұлан-байтақ даласында көптеген дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келген мемлекет. Осындай саналуандыққа қарамастан, бүгінгі күні мемлекеттік және әлемдік масштабтағы ресми өкілдер орталарында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келеңсіздіктері жоқ санаулы мемлекеттердің бірі. 

Мемлекетіміздің ұлттық саясаты барлық азаматтарының, бiрлiкте, татулықта өмiр сүрiп, тәуелсiздiктi сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әдiлеттiлiк орнатуға азаматтық қоғам құруға,  бағытталған.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде 130-дан астам этностар мен 18 конфессия өкілдерінің діни тағаттылық және өзара төзімділік қағидаттарына мойынсұнып бейбіт өмір сүруде.

Дінаралық келісім аясында қандай да бір іс-шаралар өтіп жатыр ма?

Бүгінде дүние жүзіндегі діни ұйымдар тек рухани институттар ғана емес, сондай-ақ, қоғамдық өмірдің көптеген салаларында көрініс таба отырып, әлеуметтік мәселелердің кең ауқымын шешуде мемлекет көмекшісіне айналды. Мемлекет пен діннің өзара қатынасының заманауи формасы көптеген елдердің өзіндік даму жолымен қалыптасты.

 Конституцияға сәйкес еліміздің негізгі принциптері: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігіне арналған экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді демократиялық әдістер арқылы шешу болып есептеледі. 

Тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін этносаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды ролін ескере  отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру және елордамыз – Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу бастамасын ұсынды.   

Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар шеңберінде тең дәрежеде маңызды болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің маңызы ерекше, оның мақсаты діни қызмет аумағында және діни ұйымдармен өзара қатынаста,  қоғамдағы рухани үйлесімділікті нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен тілектерді әзірлеу мақсатында жұмыс істейді.  

Астана қаласында сондай-ақ, Қазақстан Республикасы қоғамдық даму  министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығымен, Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдерімен тұрақты жиі басқосулар өткізіледі. Олар жалпы республикалық мерекелер қарсаңында, сондай-ақ сол кезеңде туындаған өзекті мәселелер бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында шақырылады. 

Мәселен, 2018 жылы «Спорт – салауатты өмір салтының негізі» атты мини-футболдан турнир өткізілді, онда Діни бірлестіктер өкілдерінің құрама командасы бірінші орынды иеленді. «Наурыз – бірліктің, мейірімділік пен төзімділіктің нышаны» тақырыбында Наурыз мерекесін тойлау барысында Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің басқосуы өтті. Әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы ұйымдастыруымен конфессияаралық келісім аллеясы Бейбітшілік пен келісім сарайының жанындағы саябағында бірлесіп ағаш отырғызды. 

Бұл бастамалар тек Қазақстан халқын жақындастырып қана қоймай, әлемнің басқа да түрлі діни көзқарастағы өкілдерінің бірлігін нығайтуға және түсінісудің жарқын үлгісі болды. 

2015 жылы дінаралық келісім турасында елімізге бірнеше дін қызметкерлері әр елдерден келді, осындай келісім өз жалғасын таба ма?

Әрине жалғасын табуда! Оған дәлел ретінде осы 2018 жылы қазан айында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы Съезін атап өтуге орынды деп санаймын. Съез жұмысына қатысқан 43 мемлекеттен 82 делегация әр түрлі мәдениеттер, діндер мен қоғам басшыларының сындарлы ынтымақтастығының және өзара құрмет идеясының өмірлік маңыздылығын дәлелдеді. Жалпы 2003 жылдан бастап өткізіліп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлер Съезі халықаралық аренада Қазақстанның жүргізіп жатқан оңтайлы саясатының көрінісі болып табылады.

Әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан – бейбітшілік пен татулыққа бағытталған процестер мен бастамалардың маңызды орталығы ретінде танымал мемлекет. Қазақстан заманауи дәуірде бірінші болып дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетумен айналысты, енді өзге мемлекеттер біздің елімізді үлгі тұтып, осы  елеулі бастамада өз үлестерін қосуда.

Бұрын адамзат тарихында діндер арасында көпір құру ниеті байқалмаған. Біздің форумымыз рухани көшбасшылар мен саясаткерлер ынтымақтастығының ертеде кездеспеген жаңа жүйесі болып табылады. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақсыз мүшесі ретінде біздің мемлекетіміз белсенді қатыса отырып, адамзат дамуына кедергі келтіретін жаһандық мәселелерді шешуде шұғыл шаралар қолдануды ашық түрде талап етеді. Алайда халықаралық ұйымдардың талпыныстары жеткіліксіз, ал біздің Астаналық дінаралық форум - рухани көшбасшылар өз ұстанымдарын еркін білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін алаң.

Астана Съезі әлемдік дін өкілдеріне заманауи қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша сөз сөйлеуге және өз шешімдерін ұсынуға мүмкіндік беретін жетекші алаңға айналды. Астана дінаралық форумының қорытынды құжаттары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысушыларының декларация немесе үндеу түріндегі түпкілікті құжаттарға айналды. 2018 жылдың 10-11 қазан айында өткен VI Съездің Декларациясы БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдарға ресми құжат ретінде таратылатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін