Қазақстандағы кафе және мейрамханалар бағаны тағы 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы кафе және мейрамханалар бағаны тағы 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр

Қазақстандағы кафе және мейрамханалар бағаны тағы 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, қазақстандық дәмханалар мен мейрамханалардағы баға бір жылда 25 пайызға өскен. Қоғамдық тамақтандыру орындарының иелері азық-түлік бағасының тез өсуіне және қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттілігіне байланысты баға белгілерін қайта жазуға уәде беріп отыр.

  • 20 Сәуiр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыстардың негізгі баптары бірінші кезекте өнім сатып алу, қызметкерлердің жалақысы, жалға алу және коммуналдық төлемдер. Әрине, қазір өнім кем дегенде 30-50 пайызға қымбаттады. Бізде ет көп. Өнімдердің барлығында дерлік, барлық ас мәзірінде ет бар", — деп түсіндірді қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының құрылтайшысы Сұлушаш Тұяқова.

Оның айтуынша, инфляция қарқынын ескерсек, қоғамдық тамақтану орындарындағы баға тағы 10 пайызға өсуі мүмкін.


Бір күн бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының кейінгі 15 жылда болмаған қымбаттауын айтты. Ақпанда инфляция жылдық шарықтау шегіне жетіп, 21 пайыздан асты. Қазір адамдар айлық табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды.