Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

 

  • 16 Қазан 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kzке сілтеме жасап. 

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды", — делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миилион 312 мың адам.

"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге".