Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
![]() |
Осы аптада Елбасы Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды. сонымнен қатар Мәжіліс депутаттарының сапы жаңа депутатпен толығымен Б.Байбекке «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалын басқару міндеті жүктелді. |
Сонымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы 24 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. В.Горячкин атындағы Ауыл шаруашылығы өндірісі инженерлерінің Мәскеу институтында оқыды. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1987-1989 жылдары Қостанай облысы «Крыловский» кеңес шаруашылығының бас инженері. 1989-1991 жылдары Қазақстанның ЖЛКО Сарыкөл аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991-1992 жылдары Қостанай облысы «Маяк» кеңес шаруашылығының бас инженері. 1992-1993 жылдары Қостанай облысы «Новоселовка» шағын мемлекеттік кәсіпорынының директоры. 1993-1996 жылдары Қостанай облысы «Кустанайское» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1996-1998 жылдары Қостанай облысы «Север» ұжымдық шаруашылығының төрағасы. 1998-2002 жылдары Қостанай облысы Мендіқара ауданының әкімі. 2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2011-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы болды. "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.
Осы аптада Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс өткен XVII конференциясында Алматы қалалық филиалының Төрағасы болып сайланды.
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген. «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаұлық» (2007, екі тілде), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы; «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы; 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы. 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. .2013 жылдың 1 қаңтар айынан бері - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С. Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.
Осы аптада депутат Қанат Саудабаев Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі етіп сайланды.
Қ.Саудабаев 1946 жылы дүниеге келген. Философия ғылымының кандидаты. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің жетекшісі, ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарған. «Назарбаев орталығы» мекемесінің директоры болған. 2015 жылдың тамызынан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Ақмола облысында бірқатар басқармалардың жаңа басшылары тағайындалды. Атап айтқанда, Нұржан Мерекеұлы Мұқанов Ақмола облысы мемелекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы - бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып тағайындалды. Сонымен қатар, облыс әкімінің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі өкімімен Амангелді Халауденұлы Смаилов Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы және Марзият Юсуповна Тохаева Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін