Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды пәрмендендіру - маңызды міндеттердің бірі - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды  пәрмендендіру - маңызды міндеттердің бірі  - ҚР Елбасы

Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды пәрмендендіру - маңызды міндеттердің бірі - ҚР Елбасы

"Еліміз үшін әлемдік экономикаға етене кірігудің маңызы зор. Ұлттық экономикамыздың бәсекелестік қабілеті әлемдік экономикамен етене интеграциялану нәтижесінде ғана қалыптасады. Сол себепті қазіргі таңда Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды пәрмендендіру - маңызды міндеттердің бірі болмақ". Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-наурызда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы аясында атап көрсетті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2004
  • 392
Фото - Caravan.kz

Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды пәрмендендіруге «еліміздегі саяси және дипломатиялық әлеуетті жан-жақты жұмылдырған жөн»,- деді президент.

«Отандық бизнестің аяғынан тік тұру процессі аяқталуға жақын деп санаймын. Ол тек ішкі нарықтағы ғана емес, сонымен бірге, сыртқы рыноктағы бәсекелестікке де әзір болып, өсіп-жетілді. Біз отандық шаруаларды тек қазақстандық қана емес, әлемдік рыноктағы бәсекелестікке де баптауымыз қажет»,- деді Елбасы.
Н.Назарбаевтың пікірінше, «ендігі жерде қазақстандық капиталдың шетелдерге ағылуына қолдау көрсету дұрыс. Жаңа рыноктарды бағындыру, біріншіден, ғаламдық бәсекелестіктің бір белгісі болса, екіншіден, бұл бөтен елдердің экономикасымен істес болатын кәсіпкерлер үшін тың тәжірибе, жаңаша білім болмақ».
«Шетелдердегі барша мемлекеттік құрылымдар отандық бизнеске қолдан келгенінше қолдау көрсетуі тиіс»,- деді президент.