Жарияланды: 4700

Қазақстандық әйел Ресейдегі президент сайлауына қатыспақ

Қазақстандық әйел Ресейдегі президент сайлауына қатыспақ

«Мортадель» агрокешенінің бірінші вице-президенті, Николай Агурбаштың жұбайы – Эльвира Агурбаш 2018 жылы Ресейде өтетін президент сайлауына қатысатынын жариялады.

Бұған дейін әйгілі тележүргізуші Ксения Собчак та президенттік додаға түсетінін, тіпті бұл туралы Путиннің өзіне де айтқанын жариялаған еді.Ол “Мен – бәріне қарсы кандидатпын” деген ұранмен сайлау көрігін қыздырмақ.

Енді міне екінші әйел адам да Ресей президенті болудан үмітті екенін айтып отыр.

“Достар, басқа жол жоқ. Мен президенттікке өз кандидатурамды ұсынамын. Қолдаңыздар”, – деп жазды Тараз тумасы Эльвира Агурбаш желідегі парақшасында.

Бизнес саласында еңбектеніп, көпке танылған қазақстандық Эльвира Қалметқызы өзін тек шағын және орта бизнес өкілдері ғана емес, өзге де азаматтардың қолдайтынына сенімді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін