Қазақстандық авиаторлар Қырғызстандағы Чычқан шатқалындағы өртті сөндіруге қатысуда
![]() |
Қазақстандық авиаторлар екінші күн бойы Жалалабад облысында Чычқан шатқалындағы өртті сөндіру жұмыстарына қатысуда, |
деп хабарлады жұма күні КирТАГ агенттігіне ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
«Кеше Қазақстаннан шыққан МИ-26Т тікұшағы сағат 15:00-де келіп жетті. Сағат 18:00 мен 19:30 арасында ол өрт учаскесіне 4 рейс (барлығы 24 тонна су) жасады. Ал бүгін экипаж екі рейс жасап үлгерді», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге 700-ден астам адам жұмылдырылған. Жалын шарпыған жалпы аумақ 100-120 га құрап отыр, соның ішінде бір учаске - 40 га жердегі өрт сөндірілді. Екі елдің ТЖМ арасындағы келісушіліктің негізінде қазақстандық әріптестер тікұшақтарын тегін ұсынды, біз оларды тек жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп отырмыз», - деп түсіндірді министр Құбатбек Боронов.
Еске сала кетейік, Чычқан шатқалында орналасқан Уу-Таш учаскесіндегі орман өрті 13 тамызда басталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін