Жарияланды: 460

Қазақстандық "Каспийский " банкі ресейлік банктермен әріптестік аясын кеңейтті

Қазақстандық "Каспийский " банкі ресейлік банктермен әріптестік аясын кеңейтті,- деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресейдің солтүстік-батыс ауданындағы жетекші банктердің біріне саналатын "Севергазбанк" КБ ААҚ (Вологда) -мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылыпты. Бұл банк " Каспийский Банкі" АҚ, "Сибакадембанк" ААҚ (Батыс және шығыс Сібір өңірі), "Межторгбанк" ААҚ (Мәскеу), "Дальвнешторгбанк" (Благовещенск) ААҚ тәрізді банктерді қамтитын банктер тогбына жатады. "Володалық банктің біздің альянсқа қамтылуы - өзара етене ынтымақтастықтан гөрі маңызды қадам. Соның нәтижесінде синдикаттық несие алу мүмкіндігімен қатар, қаржылық технологиялармен және басқарушы мамандармен алмасуға жағдай жасалады",- дейді өз түсініктемесінде "Каспийский Банкі" ААҚ басқармаларының төрағасы Игорь Ким. Ресейдің экономикалық шолушылары да аталмыш қаржылық топтың болашағын жоғары бағалап отыр. "Бұл -ауқымды салалық бөлімшелер желісі дамыған банктердің өзара ынтымақтастығын паш ететін қызғылықты тәжірибе. Бұрындары ірі банк шағын аймақтық банктерді жұтып жіберетін. Ал мүлдем басқаша мақсаттарды алға қойған бұл топ тең құқылы бірігудің бірегей тәжірибесін көрсетті ",- дейді олар. Әріптес банктердің басшылары бұл одақты Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық ынтымақтастық аясындағы бір маңызды қадам деп бағалап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть