Құжат бойынша, мейрам күндерінің тізбесі төменде көрсетілген тармақтармен толықтырылды. Құжатқа премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстандағы мерекелік күндерінің толық тізімі мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар;
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күні — 15 ақпан.
- Алғыс айту күні — 1 наурыз;
- Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі;
- Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі;
- Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір;
- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні — 17 мамыр;
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр;
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр;
- Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі;
- Қазақстан Республикасы рәміздері күні — 4 маусым;
- Эколог күні — 5 маусым;
- Полиция күні — 23 маусым;
- Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым;
- Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні — маусымның екінші жексенбісі;
- Медицина қызметкері күні — маусымның үшінші жексенбісі;
- Журналистер күні — 28 маусым
- Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде;
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні — 13 шілде;
- Балық шаруашылығы қызметкерлері күні — шілденің екінші жексенбісі;
- Металлург күні — шілденің үшінші жексенбісі;
- Сауда қызметкерлері күні — шілденің төртінші жексенбісі;
- Көлік қызметкерлері күні — тамыздың бірінші жексенбісі;
- Құрылысшы күні — тамыздың екінші жексенбісі;
- Шекарашы күні — 18 тамыз;
- Спорт күні — тамыздың үшінші жексенбісі;
- Шахтер күні — тамыздың соңғы жексенбісі;
- Семей ядролық сынақ полигондарының жабылған күні — 29 тамыз.
- Білім күні — 1 қыркүйек;
- Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі;
- Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан халқы тілдерінің күні — қыркүйектің үшінші жексенбісі;
- Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек;
- Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек;
- Машина құрастырушылар күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Қарттар күні — 1 қазан.
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні — 6 қазан;
- Ұстаздар күні — қазанның бірінші жексенбісі;
- Құтқарушы күні — 19 қазан;
- Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі;
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі;
- Күзет ұйымдары қызметкерлері күні — 29 қазан;
- Сыртқы барлау күні — 5 қараша;
- Статистика күні — 8 қараша;
- Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — 15 қараша;
- Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі;
- Прокуратура күні — 6 желтоқсан;
- Энергетик күні — желтоқсанның үшінші жексенбісі.