Министрдің айтуынша, ата-аналар мен балалардың таңдауы бар. Оқушылар оқулықтарын мектепке алып бара алады немесе оларды мектепте қалдырып, кітаптардың электронды нұсқасын пайдалануына болады.
«Бастысы, білім және ғылым министрлігі таңдау еркін, оқулықтардың электронды нұсқасын пайдалану мүмкіндігін беріп отыр. Бұл ретте қандай оқулықтарды пайдаланатынын ата-аналар таңдайды», — дейді білім министрі.
Өз сөзінде Аймағамбетов биылғы жылы министрліктің «Жеңіл портфель» тұжырымдамасын дайындайтынын айтты.