Қазақстандық қыз Түркияда биік жартастан құлап қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық қыз Түркияда биік жартастан құлап қайтыс болды

Қазақстандық қыз Түркияда биік жартастан құлап қайтыс болды

Қазіргі уақытта қайтыс болған қыздың жақындары мен туыстары марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін ақша жинап жатыр.

  • 29 Сәуiр 2020
  • 195
Фото - Caravan.kz

Түркияда қазақстандық қыз жартастан құлап кетті, деп хабарлайды Сaravan.kz порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап. 

Бұл оқиға Антальяның ұлттық саябағында болған. Бұл туралы қыздың құрбысы Ольга Кравчук айтты. Ол Түркияда бес жыл уақыт гид болып жұмыс істеген екен.

"Ол Антальядағы ұлттық саябақтағы сарқыраманың қасында болған. Сосын тастар құлап, өзі тепе-теңдікті ұстай алмай, құлап кеткен. Сарқыраманың биіктігі — 35 метр", — дейді қыздың құрбысы.

Қазіргі уақытта қайтыс болған қыздың жақындары мен туыстары марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін ақша жинап жатыр.


Олардың айтуынша, денені жеткізу үшін 900 мың теңге керек. Бірақ басты проблема денені Алматыдан Қостанайға жеткізу дейді. Ол үшін тағы 400 мың теңге керек екен.

Соңғы жаңалықтар