Қазақстандық шекарашылар 1 киләдан астам героин контрабандасының жолын кесті
Қазақстандық шекарашылар 1 килә 50 грамм героин контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады. |
Өзбекстандық екі азаматша Ташкенттен Қазақстан аумағы арқылы Ресейге таксимен бет алған көрінеді. Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Ауыл шекаралық бекетінде автокөлікті шекарашылар тексерген. Иісшіл иттерді пайдалана отырып тінту жүргізгенде әйелдердің заттары арасынан героин шықты. Героин оралған 11 буманы әйелдер етіктің табанына жасырыпты.
Қазір күдіктілер Бородулиха аудандық ҰҚК қызметкерлерінің қолына тапсырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін