Қазақстандық шенеуніктер бюджет қаржысын үнемдеуді жапондардан үйренбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шенеуніктер бюджет қаржысын үнемдеуді жапондардан үйренбек

Қазақстандық шенеуніктер бюджет қаржысын үнемдеуді жапондардан үйренбек

Қазақстандық шенеуніктер бюджет қаржысын тиімді жұмсауды жапондардан үйренбек. Сонымен қатар енді билікке жетуді армандайтындар бірден бастық бола алмайды. Еңбек жолын міндетті түрде төменнен бастауы керек. Халыққа жақын болуы тиіс атқамінерлердің тәртібін қадағалау үшін тіпті Мемлекеттік қызмет істері министрлігі де құрылған болатын.

  • 29 Қаңтар 2016
  • 162
Фото - Caravan.kz

Құзыреті кеңейген министрлік мемлекеттік қызметті дамыған Азия мен Еуропа елдерінің деңгейіне жеткізбек. Алдымен шенеунік адал, кішіпейіл және кәсіби біліктілігі жоғары болуы шарт. Өйткені, биліктің ауқымды бағдарламаларын, соның ішінде Елбасы белгілеген 100 нақты қадамды жүзеге асыру үшін сауатты мамандар қажет. Ал бүгін Елордаға жиналған халықаралық сарапшылар біздегі мемлекеттік қызметті реформалауға көмектесуге әзір. Мәселен, жапондар әріптестеріне бюджет ақшасын тиімді жұмсауды үйретуге дайын.

Норимаса Шимомура, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:

-Жапонияда да мемлекеттік басқару ісі керемет дей алмаймын. Дегенмен, бізде карьералық өсу үшін мемлекеттік қызметкер барлық сыннан өтуі тиіс. Қазақстанда адамның жеке этикасы, кәсіби біліктілігімен қатар, қаржыны тиімді пайдалану жағын да жетілдіру керек.