Жарияланды: 300

Қазақстандық және малайзиялық компаниялар арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды

Бүгін Астанада «АманаРайа Капитал Групп» (Малайзия) және «Октан Групп» (Қазақстан) компанияларының арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды.

Аталмыш құжат компаниялардың елімізде жүзеге асырылатын бірқатар индустриялды-инновациялық жобаларды бірлескен түрде жүзеге асыру ісін қамтамасыз етуге бағытталған. Компания өкілдерінің айтуларынша, олар Ислам қаржы институттарын пайдалана отырып, елдегі индустриялды-инновациялық жобаларға инвестиция тартуды көздеп отыр. «Екіжақты бірлескен қимылдар әсіресе мұнай, газ, тау-кен, білім, логистика, фармацевтика және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтиды. Бірлескен қимылдар біздің инновациялық жобаларымызға Исламдық қаржы құралдарын тарту ісіне тың серпін берері сөзсіз»,-деді «Октан Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Бауыржан Терлікбаев. Оның сөзінше, бұл бағыттағы шаралар «Октан Групп» компаниясына жаңа белестерді бағындырып, малайзиялық әріптестерінен тәжірибе жинақтап, отандық мамандарды даярлауға игі ықпал етпек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін