Жарияланды: 320

Қазақстандықтар ел ішінде қоныс аударуды азайтты

Қазақстандықтар ел ішінде қоныс аударуды азайтты.

Бұл туралы бүгін Астанада Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті. «2012 жылы қаңтар-қыркүйегінде ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 4394 адамға немесе 1,7%-ға азайды және 261647 адамды құрады», - дейді ол. Ауқымы жағынан қазақстандықтар Астана (15658 адам) және Алматы (5124 адам) қалаларына және Алматы облысына (5354 адам) көп қоныстанған. Елімізге сырттан келетін имигранттар саны да саябырсыған. 2012 жылы қаңтар-қыркүйегінде 2011 жылы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 4401 адамға, немесе 16,4%-ға азайды және 22465 адамды құраған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін