Жарияланды: 50

Қазақстандықтар тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге қаржы шығындап жүр

Қазақстандықтар тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге қаржы шығындап жүр

Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалатын шығындары артып келеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тегін медициналық көмекті қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік қаражат жыл сайын ұлғайтылатындығына қарамастан соңғы 5 жылдың ішінде халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне шығыстарының өсуі байқалады. Ол 2017 жылы 678 млрд теңгені құрады. Қалта шығыстарының үлесі денсаулық сақтаудың жалпы шығыстарының 41 пайызына жетті. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған шекті деңгейден 2 есе жоғары», - деді министр.

Бұл ретте оның дерегінше, жеке шығыстардың 30 пайыздан астамы тегін медициналық көмек аясында көрсетілген қызметтерді ақылы түрде сатып алуға жұмсалады. 

«Бұл бірінше кезекте тегін медициналық қызметтің белгілі бір көлемінің толық қаржыландырылмауына байланысты. Тапшылық көлемі 360 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Соның салдарынан еліміздің азаматтары, әсіресе халықтың әлеуметтік осал санаттары денсаулыққа байланысты қаржылық тәуекелдерден жеткіліксіз қорғалған», - деді Елжан Біртанов.

Миинстр мәліметінше, тегін медициналық көмектің қаржыландыру көлемі ағымдағы жылы 917,4 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы медициналық қызметтерді сатып алуға арналған қаражат көлемі 776,9 млрд теңгеге жетеді.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты 

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін