Жарияланды: 40

Қазақстандықтар ұялы телефондарды тіркеуге міндетті

Қазақстандықтар ұялы телефондарды тіркеуге міндетті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді - Абаев.

Қазақстандықтар өз құрылғыларын 2018 жылдың соңына дейін тіркеуі қажет. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр 2016 жылы Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеуге қойылатын талаптардың жаңарғаның атап өтті. Яғни жүйені іске қосу телефон ұрлау санын азайтуы керек. Себебі, полицияға жүгінгеннен кейін ұрланған телефонды бұғаттауға болады.

Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, IMEI коды құрылғының иесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Жаңа ереженің іс жүзінде толық жұмыс істеуі үшін құрылғының IMEI кодын ЖСН-ға және абоненттер санына байлау қажет. Осылайша, байланыс қызметтерін пайдаланушылары 2018 жылдың соңына дейін өз құрылғыларын тіркеуі қажет, себебі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді, -дейді Абаев.

Министр сондай-ақ, IMEI коды базасын, атап айтқанда Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан және Украина секілді елдерді құрудағы оң халықаралық тәжірибені ескерді.

Әрине, біз құрылғыларды тіркеуге байланысты халық арасында аджиотаж болуы мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз тіркеу процесін барынша жеңілдетеміз, соның ішінде онлайн тіркеуді, -деп түйді ойын Абаев.

Оқи отырыңыз:

«Мен әлі де жылаймын»: Роза Рымбаева ішкі жан-сырымен бөлісті 

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды
 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть