"Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді". WhatsApp-та тағы бір жалған ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді". WhatsApp-та тағы бір жалған ақпарат тарады

"Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді". WhatsApp-та тағы бір жалған ақпарат тарады

WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады.

  • 9 Желтоқсан 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабарды таратушылар бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген. Басылым бұл ақпараттың фейк екенін анықтады.

Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе — адамдарға қаражат төленетін валюта — лв. Лв болгар ұлттық валютасының белгісі. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.

Сонымен қатар, төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.


"Хабарламада аталған қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да ақпарат жоқ. Демек, таралған хабарлама өтірік.

Мұндай платформаларды кибер алаяқтар жасайды. Осылайша, олар пайдаланушылардың жеке деректерін иемденіп, оларды өз мақсаттарында пайдаланады", — деп жазған басылым.

Соңғы жаңалықтар