Палата бұл мерекені «Қазақстан бизнесі мен жеке кәсіпкері күні» деп атауды ұсынады. «Біз мұндай мерекенің қажет екендігіне кәміл сенімдіміз. Өйткені, гүлденуі мен әл-ауқатының жақсаруына, экономикасының тұрақты дамуына жеке сектор да аз үлес қосқан жоқ», — деп атап көрсетілген үкіметке жолданған хатта.
«4 шілде де кездейсоқ алынып отырған жоқ. Дәл осы күні 1992 жылы тәуелсіз Қазақстан «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» алғашқы заңын қабылдаған болатын», — деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті