Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен жыл сайын адам саны 25 - 35 мыңға өсіп отыр - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен жыл сайын адам саны 25 - 35 мыңға өсіп отыр - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен жыл сайын адам саны 25 - 35 мыңға өсіп отыр - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен адам саны жыл сайын 25 - 35 мыңға өсіп отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің ауылдық аумақ істері жөніндегі комитеттің төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Соңғы 5 жылда жасалған талдау ауыл тұрғындары бойынша ішкі көші-қон сальдосы кері көрсеткішін көрсетіп отыр, ол жыл сайын 65 - 70 мыңға жуық (ауыл тұрғындарының көшіп-қонуы - агенттік тілшісі)",- деді С. Тұңғышбеков.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 850
Фото - Caravan.kz

«Бірақ табиғи өсу есебінен жалпы республикамыздың ауыл тұрғындарының саны жыл сайын 25 — 35 мың адамға өседі»,- деп қосты ол. Комитет төрағасының айтуынша, талдау «өнеркәсіп дамыған аймақтарда кері сальдоның жоғары екендігін — Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауыл тұрғындарының ағымы басқа аймақтармен салыстырғанда көп» екендігін көрсетіп отыр. «Жалпы республика бойынша тек Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтары ішкі көші-қон бойынша оң сальдоға ие».- деп атап көрсетті С. Тұңғышбаев.

Қазақстан Республикасының Аылшаруашылық министрлігі таратқан баспасөз баянында, «жалпы 5 жыл ішінде көші-қон процессіне қатысқан 1 млн ауыл тұрғынының арасында әйелдер 52 пайызды, еркектер 48 пайызды құрап отыр» деп көрсетілген. «Ішкі көші-қон негізінің 68 пайызын еңбек жасандағылар, 23 пайызын балалар, 9 пайызын еңбек жасынан асқандар құрайды», деп атап көрсетілген құжатта. Сонымен қатар, Ауылшаруашылығының қортындысына сүйенсек, «көші қон процессінде педагогикалық білімі бар еңбек жасындағы әйелдер белсенділік танытып отыр».

«Көші-қон айналымында мамандық бойынша ауылдық елді-мекендерге келушілердің арасында ауылшаруашылық мамандары — 14 пайызды және педагогтар 11 пайызды құрап, көш басынан көрініп отыр, одан кейін техниктер — 8 пайызды, экономистер — 6 пайызды, медицина қызметкерлері — 5 пайызды, заңгерлер — 3 пайызды және сәулет-құрылыс маманды 2 пайызды құрайды. Ауылдық жерлерден кететіндердің арасында да — ауылшарушалық мамандары — 13 пайызды, одан кейін педагогтар — 10 пайызды, техникетер мен экономистер — 8 пайыздан, медицина қызметкерлері — 5 пайызды, заңгерлер — 3 пайызды және сәулеттік-құрылыс мамандары — 2 пайызды құрайды»,- деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті