Жарияланды: 400

Қазақстанның басым бөлігінде 9 қараша күні тұрақсыз ауа райы сақталады

ҚР-ның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 9 қараша күні тұрақсыз ауа райы сақталады, кейбір жерлерде жауын-шашын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайжы ТЖМ-нің баспасөз қызметінен Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түседі деп күтілуде. Атырау облысының кейбір жерлеріне тұман түседі. Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады. Алматы облысында түнде және таңертең кей аумақтарда тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, жел екпінінің 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарының көптеген суларын мұз басады, соған байланысты жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың қалған аумағындағы өзендерде су бетінің салқындауы байқалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін