Қазақстанның бірнеше облыстарында жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірнеше облыстарында жолдар жабылды

Қазақстанның бірнеше облыстарында жолдар жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында автокөлік қозғалысы жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

  • 18 Наурыз 2015
  • 223
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында ауа райының нашарлауынпа байланысты (бұрқасын, көрінімнің нашарлауы, көктайғақ) «Екатеринбург-Алматы» (1275-1353 шақырым), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырым)  автожолдары учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс жабылды.

Павлодар облысында көрінімнің нашарлауы және көктайғақ салдарынан «Ульяновск-Қарағанды облысының шекарасы» (94-294 шақырымдар) және «Павлодар қаласы-Успен-РФ шекарасына дейін» (0-152 шақырым) автожолдары учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.  

Сонымен бірге, «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) жолы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.


Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» (1037-1142 шақырым) автожолы учаскесінде қоғамдық және жүк автокөлігі үшін, «Ботақара-Қалқаман» (0-93 шақырым) автожолында көліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ «Астана-Қарағанды» және «Астана-Павлодар» автожолдары учаскелерінде қоғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалысқа тыйым салынғаны хабарланды.