Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел тұрып, бұршақ жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел тұрып, бұршақ жауады

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел тұрып, бұршақ жауады

Қазақстанның төрт облысына ескерту жарияланды.

  • 29 Мамыр 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

30 мамырда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с болуы мүмкін. Күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл  болуы ықтимал. Таразда 30 мамырда оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

30 мамырда күндіз Қарағанды облысында 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы  30 м/с болатын оңтүстік-батыс желі еседі. Кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл  болуы ықтимал.

30 мамырда Қызылорда облысында жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с болатын солтүстік-батыс желі соғады. Шаңды дауыл болады деп болжануда.

Сондай-ақ, 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттан жел тұрады. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с. Кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл  болуы мүмкін. Өскеменде 30 мамырда 17-22 м/с болатын жел ұйтқи соғады. Дауыл болуы ықтимал. 

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 20 адам ауызашардан кейін ұшынып қалды

Бәйгеге түсу үшін арсыздық пен қулық керек: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты 

Мәжілістегілер елге пальма майының көптеп әкелінуіне алаңдаулы