Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева тәжірибесімен бөлісуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева тәжірибесімен бөлісуге дайын

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева тәжірибесімен бөлісуге дайын

       «Құстармен сырласуды» жақс?

  • 13 Наурыз 2015
  • 2238
Фото - Caravan.kz

Бұл тойда әннің естісін, әңгіменің дәмдісін тартуға уәде береміз.  Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева халықты таң қалдырудан жалығар емес. Жанар мен Айгүл образдарымен ауысатын болды. Енді түрлі-түсті көйлек пен әртүрлі шаш үлгісін Жанар апайымыздан көретін боламыз. 

       «Құстармен сырласуды» жақсы көретін «Жігіттер» квартеті қонаққа келіп, өз жаңалықтарымен бөліседі. Халықтың сүйіктісіне айналған жігіттердің той биі мен той әнін бірге тамашалайтын болдық. 

       «Той BestStar» төрінде қазақ халық әнінің жезтаңдай  әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева.

Отандық жас дарындарды тәрбиелеп жүрген, қазақ өнерінің майталманы өз тәжірибесімен бөліседі.


       Тойда Сәкен Майғазиев, Өмірқұл Айниязов, Айгүл Қосанова, Нұрболат Абдуллин, «Ерке» тобы ән шырқаса, «Асабалар аламанына» қатысушы Қуаныш Қонысбаев 5708 нөміріне, 04 саны бойынша халықтың даусын күтеді.

        Бұл  бағдарламада «Ал, енді, не деймін» айдары бойынша алғашқы қатысушының құттықтау видеосына куә болсақ, «Жанар мен Айгүлдің» хит шеруінде «Данышпан жұлдыздар» тақырыбы бойынша Instagram әлеміне саяхат жасаймыз.

       Қызықты да көңілді бағдарлама әр сенбі сайын, сағат 23.40-да КТК арнасында күтеді.