Жарияланды: 40

Қазақстанның оңтүстігінде арнайы операция кезінде ұсталғандарды қамауда ұстау ұзартылды

Қазақстанның оңтүстігінде арнайы операция кезінде ұсталғандарды қамауда ұстау ұзартылды

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ақпан айында жүргізілген арнайы операция кезінде шекарадағы контрабанда үшін ұсталғандарды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алмалы аудандық соты Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарын Қамауда ұстауды 16 мамырға дейін созды", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

35 күдіктіні Қазақстанның күш құрылымдары 15-16 ақпанда ұстаған.

Алматының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда күдіктілерді, солардың ішінде Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбек уулу мен Қырғызстанның тағы екі азаматын екі айға қамауға алуға шешім шығарған.

16 сәуірде Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Асылбек уулуның депутаттық мантатын қос азаматтығы үшін алып қойды. Асылбек уулудың туыстары бұны жоққа шығарып отыр.

 

Оқи отырыңыз:

Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген
Қытай консулы түрмеде отырған қазақтарды босатуға уәде берді
Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін