Қазақстанның оңтүстігінде күн электр станцияларының паркі құрылмақ
- Ұлттық "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы, электр желілерін басқару жөніндегі KEGOC ұлттық компаниясы және Жамбыл облысының әкімшілігі күн электр станцияларының паркін дамыту және салу саласында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды. |
Сейсенбіде ұлттық компаниялардан таралған ақпаратқа қарағанда, Жамбыл облысының әкімшілігі жобаға ұйымдық-техникалық қолдау көрсетпек, "Қазатомөнеркәсіп" күн электр станцияларының негізгі бөлшектері - фотоэлектрлік модулдердің жасалуын және жеткізілуін қамтамасыз етеді, KEGOC болса электр желілерін қосу үшін техникалық шарттар алуға және жобаның техникалық орындалуына ықпал етпек.
"Жамбыл облысының табиғи -климатикалық жағдайы күн электр станцияларын салуға қолайлы және қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдаланатындай елеулі энергетикалық әлуеті бар. Мұндай энергия көздері арқылы жұмыс істейтін электр станциялары электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге және қоршаған ортаны жақсартуға мүмкіндік береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін